Жоба негізінде ауылдарды талшықты-оптикалық байланыс арқылы интернетке қосу жүзеге асырылуда. Меже 98 ауылды кең жолақты интернетке қосу, бұл жоспар 2027 жылы орындалады деп күтілуде.
Сонымен қатар, «Кең жолақты қолжетімділік қызметтерін ұсыну үшін ғарыштық байланыс жүйесінің ресурстарын пайдалана отырып, аз қоныстанған ауылдарда спутниктік арналарды ұйымдастыру» жобасы бойынша 8 ауыл интернетпен қамту жұмыстары жүргізілуде.
«Облыс халқын тұрақты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-мен шағын байланыс операторларына электр беру желілерінің тіректерін өтеусіз орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 27 шағын байланыс операторлары облыстың 134 елді мекенінде талшықты-оптикалық байланыс желісі технологиясына негізделген жоғары жылдамдықты интернет жүргізу жұмыстарын жүргізілуде», — дейді облыстық Цифрлық технологиялар басқармасының бас маманы Тұран Талғатұлы.
Ауыл мектептеріде «Қолжетімді интернет» жобасынан тыс қалмақ емес. Мәселен, былтырғы жылы спутниктік технологияға негізделген жоғары жылдамдықты интернетке қосудың пилоттық жобасы шеңберінде облысымыздың шалғай елді мекендерінде орналасқан 8 мектеп Starlink жылдамдығы 200 Мбит/с-ке дейін жететін интернтке қосылды. Ал, биыл тағы 65 білім ошағын интернетпен қамту көзделген.
Шалғай ауылдармен қоса демалыс орындарында да интернет қол жетімді болмақ. Оған дәлел, Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы мен «Freedom Telecom» ЖШС жасасқан меморандум негізінде Қонаев қаласының қалалық жағажайы мен паркіне тегін Wi-Fi нүктелерімен қамтамасыз еткен еді.