Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметованың айтуынша, цифрлық карта арқылы халықтың әлеуметтік мәртебесі мен әл-ауқатының деңгейі анықталады, бүгінгі күні картаны толықтыру жұмыстары әлі де жалғасуда.
Сонымен қатар, спикер өңірдегі ауқымды мәселелердің бірі – жұмыспен қамту туралы сөз етті.
Атап айтқанда, облыс бойынша 29,1 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Оның 66%-ы тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл дегеніміз 19 мың 200 адам. Бұл көрсеткіш өңірде жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және тұрақты жұмыс орындарын құру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілгенін көрсетеді.
Мәселен, жұмыспен қамту органдарына 43 мың адам жүгінген болса, олардың 30 мыңы жұмыссыз мәртебесін алған. Нәтижесінде 9 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналасты. Ал ұлттық жобалар аясында 509 адам жұмысқа қабылданды.
Бұдан бөлек, арнаулы әлеуметтік қолдаудың аясында 5 531 отбасы немесе 31 068 адам жәрдем алып, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 9 968 балаға қосымша әлеуметтік төлемдер төленді.
“Әлеуметтік осал топтарға жататын 41,7 мың азаматқа, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға, қайырымдылық көмек көрсетілді. Облыста арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 8 мекеме, оның ішінде 7 мекеме стационарлық жағдайда жұмыс істейді.
Жалпы, облыста 42 236 мүгедектігі бар азамат тіркелсе, олардың 79%-ы қажетті техникалық құралдармен, санаторлық-курорттық еммен, жеке көмекшімен қамтылды”, — дейді Айгүл Матанқызы.