«2024 жылы 21 наурызда Алматы қаласының полициясына Алматы облысының аумағында кісі өлтіру фактісі туралы хабарлама келіп түсті. Бұл ақпаратты дереу тексердік, нәтижесінде 2006 жылғы қызды өлтіру дерегі расталды. Қонаев қаласының полициясында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 2001 және 2003 жылы туған екі күдікті азаматты анықтап, ұстады», — деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Тергеу барысында күдіктілер 14-15 наурызға қараған түні жас қызды Қонаев қаласының шетінде орналасқан адам жүрмейтін жерге апарып өлтіргені анықталды.
«Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде кісі өлтіруді екі күдікті жасағаны анықталып, олар қамауға алынды. ҚР ҚПК талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды», — деп толықтырды облыстың бас полицейі.
Айта кетейік, марқұм қыз аспазшы мамандығы бойынша колледжде оқып жүрген.