Бұл күні Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтары қалалық алаңға жиналып, қыстан аман-есен шыққанын айтып, бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтайды.
Өкпе-ренішті артта қалдырған халық Амал мерекесінде қол алысып, төс қағыстырады, қариялардан бата сұрап, құрмет көрсетеді, жақсы тілектер айтады.