Аудандық әкімдіктің мәліметінше, бүгінгі таңда Алматы облысының таулы аудандарында температураның жоғарылауы, мұздықтардың қарқынды еруі және мореналық-мұздық көлдердің толуы, өзен арналарындағы ағынның жоғарылауы есебінен күрделі сел жағдайы сақталып отыр.
«Жоғарыда баяндалғанның негізінде Талғар өзенінің бассейніндегі №19 көл қазіргі көлдің солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде жиналған су жағалауды жырып ағуы мүмкін сол себепті қауіп төндіруі мүмкін. Фондық бағалау әдістемесіне сүйене отырып сел ағындарын болжау бойынша мұздық көлдің серпілісі 6 тамызынан бастап болуы мүмкін.
Осыған байланысты Талғар ауданының тұрғындары, қонақтары және демалушылар мен туристер Талғар қаласының басында орналасқан гиротехникалық қондырғыдан асып тауға, демалыс орындарға шығуға тыйым салынған», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Талғар өзені арнасына жақын орналасқан тұрғын үй иелеріне және жергілікті халыққа үнемі әлеуметтік желілерді, теледидиар және радиобайланыс желілеріне, электросиреналардың қосылуы кезінде мұқият тыңдап, құлақ түру сұралады.