Алматы облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат Кенжеханның айтуынша, табиғи өрт ауа-райының қолайсыздығынан, дала алқаптарында азаматтардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болып отыр.
«Қазіргі таңда тілсіз жауды болдырмау мақсатында департамент қызметкелері арнайы рейдтік іс-шаралар өткізуде. Шараға азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі ,орман мекемелері мен ЖАО-дан 81 адамнан тұратын 18 мобильдік топ құрылып, жұмыстар тұрақты жүргізілуде», – деді ТЖД өкілі Самат
Кенжехан.Спикерлер, өрт қауіпсіздігін жіті бақылау облыс көлеміндегі ауқымды жұмыстардың бірі екенін айта кетті.
Мәселен, «Amanat» партиясы Алматы облыстық филиалының саяси бөлімнің меңгерушісі Ержан Нұрпейісовтың айтуынша, 2023-2024 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламада Алматы облысына 22 өрт сөндіру бекеттерінің құрылысы, халықты хабардар етуге 438 сирена-дыбысты қондырғылар сатып алу көзделген.
Департамент өкілінің айтуынша, орман алқаптары мен егіс алқаптарының айналасын күту бойынша жұмыстар жалғасуда. Нәтижесінде, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып 131 елді-мекенге іргелес аумақтарда құрғақ өсімдіктер мен жаңғыш қоқыстардан тазартылды.