Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қар мол жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта тұман, көктайғақ.
Алматыда кей уақытта тұман, жолдарда мұзтайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Облыстың батысында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қызылорда облысының басым бөлігінде күн жауын-шашынды (көбіне қар) болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде жолдарда көктайғақ болады.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.