Хабтың ашылуы аясында еліміздегі ірі IT-компаниялардың көрмесі ұйымдастырылып, өңірдегі үздік стартаптар да өз жобаларын ұсынды.
Alatau Hub елдегі басқа өңірлік инновациялық орталықтар сияқты түрлі іс-шаралардың, соның ішінде кездесулер, Pizza Pitch, шеберлік сабақтары, Speaker Talks, Idea Battle және т.б. үшін негізгі алаңға айнала отырып, Astana Hub-тың білім беру және инкубациялық бағдарламаларын таратады. Бұл іс-шаралар аймақтағы ІТ қоғамдастықтың қалыптасуы мен дамуына, сондай-ақ білім мен тәжірибе алмасуға ықпал етеді.
IT хабтың ашылуы аймақтағы технологиялық инфрақұрылымды дамыту мен инновациялық идеяларды қолдаудағы маңызды қадам болып табылады. Alatau Hub Алматы облысының ІТ-қауымдастығын дамытуда жаңа стандарттарды белгілейді. Оның мақсаты – аймақтағы технологиялық кәсіпкерлікті танымал ету, стартап мәдениетін қалыптастыру, IT-индустрия мен цифрлық білім беруді дамыту.
Бүгінгі күні Алатау хабы Astana Hub басқаруымен іске қосылған 14-ші аймақтық хаб болып табылады. Басты мақсат – биылғы жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірлерін қамту. Әрбір аймақтық ІТ хабында, IT саласындағы дағдыларын дамытқысы келетіндердің барлығына көмектесетін, аймақтық қауымдастық менеджерлері бар.
Атап айтқанда, Alatau Hub-та заманауи оқу және дизайн материалдарымен жабдықталған жеке робототехника сыныбы бар, онда 40-тан астам орта мектеп оқушылары үйірмелерге тегін қатыса алады.
Сондай-ақ, өңірде стартаптар үшін 20 заманауи жұмыс орны ашылды, онда Аstana hab-ның барлық білім беру бағдарламалары тегін көрсетіледі. Бұл бағдарламалар: «Startup school», фрилансинг мектебі, «No code», «Low code», сонымен қатар қыздарға арналған «Tech girls» т.б жеке бағдарламалары бар.
Өңірлерде технологиялық саланы дамыту, тұрақты экономикалық өсуді және әлеуметтік прогресті қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады. 2023 жылдан бері аймақтық хабтарда 1000-нан астам іс-шара өткізілді және 300-ден астам стартап-идеялар ұсынылды. Өңірлерден 80-нен астам IT-компаниялар біздің технопаркке қатысушылар болды. Хабтар Google Developers Group, USAID, Digital Nomads сияқты серіктестермен бірге әртүрлі бағдарламаларды іске қосады, әсіресе аймақтық хабтар үшін. Бұл вебинарлар, байқаулар, хакатондар арқылы, біз Қазақстанның аймақтарында дамытуды бастаймыз.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында инновациялық экожүйені өңірлік деңгейде кеңейтудің маңыздылығын атап өтіп, Astana Hub тәжірибесін кеңінен тарату міндетін қойған болатын.