Алматы облысы Әдеп жөніндегі кеңесте Талғар ауданы әкімінің орынбасары О. Каспакбаевқа қатысты тәртіптік іс қаралды, деп хабарлайды alataunews.kz.
2024 жылдың 22 шілдесінде Бесағаш ауылдық округінінің мәдениет үйінде ауыл халқымен кездесу жиыны барысында Талғар ауданы әкімі Т. Айдарбеков Талғар ауданы тұрғыны Т. Абдугапаровтан алкогольдің иісі шығып әрі, оның мас күйінде екенін айтқан.
Ал, Т. Абдугапаров немересі туылғандығын оның алкоголь тұтынуға құқығы бар екенін жеткізген. Оның бұл сөзі өзіннің мас күйінде екенін санауға негіз болды.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 440- бабына сәйкес, алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орында мас күйінде пайда болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылу негізделген.
Сонымен қатар, Департамент ұсынған бейнежазбада, Талғар ауданы әкімінің орынбасары О. Каспакбаев жиынға қатысушылардың біріне “Пьяный же, видите же, провоцирует всех” деп жария түрде айтқаны анықталды.
Дегенмен, 2024 жылдың 22 шілдедегі
№ 3071 қорытындысына сәйкес Т. Абдугапаров медициналық зерттеу нәтижелері бойынша сау екендігі анықталған.
Өз кезегінде, Талғар ауданы әкімінің орынбасары О. Каспакбаев бейнежазбадағы сөзді өзі айтқанын мойындады.
Осы тұста, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Арсен Жакупов О. Қаспақбаевтың осымен екінші ісі қаралып отырғанын тілге тиек етті.
Талғар ауданы әкімі Т. Айдарбековке, Талғар ауданы әкімінің орынбасары О. Каспакбаевка Әдеп кодексінің 6- тармағының, 4- тармақшасын бұзғаны үшін, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік танытпай, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсітіп, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол беріп, өзінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапына сынға себепкер болғаны үшін «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту”
түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Айта кетсек, кеңесте Балқаш ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысына, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы Қарасай аудандық аумақтық инспекциясының басшысына қатысты тәртіптік іс қаралды.
Балқаш ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы Қарасай аудандық аумақтық инспекциясының басшысына қатысты жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсету түріндегі мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық белгілерінің болмауына байланысты тоқтатылу ұсынылды.
Сонымен қатар, кеңес барысында Алматы облысы білім басқармасы басшысының, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілінің және ҚР ауылшаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының әдеп жөніндегі уәкілінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмыс қорытындылары тыңдалды.