Шұғыла Тұрлыбек 22 қыркүйекте Алматы облысының Іле ауданында үш жалпы білім беретін мектепке орнатылған жарылғыш құрылғылар туралы электрондық пошта арқылы хабарланғанын айтты.
«Полиция Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп осы қылмысты жасаған 12 жастағы оқушыны анықтады. Қылмыстық жауапкершілік жасына жетпеуіне байланысты оқушыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бірақ оның ата-анасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», – деді Тұрлыбек.
Айта кету керек, жыл басынан бері осындай әрекеттер үшін 28 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың сегізі бас бостандығынан айырылды.