Қажетті қаражат бөлінген жағдайда көрсеткіш жыл соңына қарай 64,4%-ға дейін артады деп көзделіп отыр.
«Биыл ауданға қарасты елдімекендердің жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға 1023,0 миллион теңге бөлінді. Берілген қаражатқа ұзындығы 56,3 км 47 көшенің автомобиль жолдарына жөндеу жүргізу жоспарланып отыр», — делінген хабарламада.
Жамбыл ауданының аумағында барлығы 24 ауылдық округ және 60-тан астам елдімекен бар. Өңір бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1919,2 км. Оның ішінде Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары – 331 км, облыстық маңызы бар – 594,3 км, аудандық маңызы бар – 79,0 км және кентішілік автомобиль жолдары – 914,9 км.
Биыл Ұзынағаш ауылының 5 көшесі, Сарыбай би ауылының 2 көшесі, Қарақыстақ ауылының 1 көшесі, Қазыбек бек ауылының 4 көшесі, Қасымбек ауылының 5 көшесі, Көкдала ауылының 3 көшесі толық жөнделді.
Қазіргі уақытта Ақтерек ауылының Есдәулет, Қараш батыр, Рыскелді, Бәймен сияқты 4 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы ұзындығы – 4420.
Сондай-ақ, Шиен ауылында жөндеу жұмыстары жоспарланды. Одан кейін қажетті қаражат бөлінген кезде Мәтібұлақ, Дегерес, Үмбетәлі, Қарғалы, Бозой, Жамбыл, Қараарша, Бесмойнақ, Ұзынағаш ауылдарындағы көшелерді жөндеу жұмыстары жүргізіледі.