«Биылғы өткен ҚР Президент сайлауы кезінде Алматы облысында 1170 тәуелсіз байқаушы жұмыс жасады. Олар 585 сайлау учаскесін қамтыды. Бұдан бөлек, үкіметтік емес ұйымдар атынан 1000-нан астам байқаушы қызмет етті», — деді тәуелсіз байқаушы Нина Өтебекова.
Оның айтуынша, байқаушылар тек сайлау күні ғана емес, үгіт-насихат кезеңінде де облыс көлемінде мониторинг жасаған.
«Ешбір сайлау учаскесінде заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Бірақ, тұрғылықты мекенжайға тіркелмеген адамдарды қабылдамаған сайлау учаскелері болды. Бұл тұрғындардың мәселесін сол жерде отырған байқаушылар тез арада шешіп берді. Айта кететіні – бұрынғы өткен сайлауларда тұрғындар тізімін жасауға байланысты мәселелер тіркелген. Өкінішке орай, осы проблема әлі де шешімін таппаған», — деді байқаушы.
Нина Өтебекованың ақпаратына қарағанда, жалпы алғанда этикадан аттап, мәдениетсіздік танытқандар болған жоқ. Барлығы ҚР заңына сай жүргізілді сайлау науқаны барысында Алматы облысының БАҚ-да жалпы саны 200-дей жариялым жасалды.