Бұл туралы департаменттің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.
«Алматы облысының тауларында 1-5 ақпан аралығында қар көшкіні қаупі болады. Соған байланысты туристер мен демалушыларға қар көшкіні қауіпі болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауларыңызды, таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын сақтауды сұраймыз», – делінген хабарламада.
Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай ауданында 48 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкіні күн жылынса немесе жаңбыр молынан жауып, қар көп түссе болады.