Алматы облысы ТЖД бастығы полковник Асқар Тойшыбеков Кеңдала округінің саяжай алаптарының үйлерін аралау бойынша қызметкерлермен нұсқаулық өткізді. Рейдтік жұмысқа төтенше жағдайлар департаментінің 55 қызметкері, газ қызметінің 2 қызметкері, 12 ерікті жұмылдырылды, 2 000-нан астам үйді аралап, өртке қарсы тақырыпта нұсқаулықтар мен жадынамалар таратылды.
Сондай-ақ, Алматы облысы ТЖД МӨББ бастығы «LT-gas» ЖШС жүргізушілеріне жадынамаларды тарату және тұтынушыларға сату кезінде газ баллондарын қауіпсіз орнату бойынша түсініктеме берді. Бұл жұмыс жылыту маусымының соңына дейін жалғасады.
Алматы облысының ТЖД тұрғындардан газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.