Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысы: «Сыбаға» сыйға тартқан қожалық

Елімізде мемлекеттік қолдау алып жеке шаруашылықты ұршықша иіріп отырғандардың қарасы қалың. Соның бірі Алматы облысы Балқаш ауданының тұрғыны, «Бригантина» шаруа қожалығының иесі Аршын Жақыпов.

06.05.2023
Аймақ

2015 жылы ашылған қожалық тікелей мемлекеттің қолдауымен құрылған.

Ауылдағы ағайынның мал басын көбейтуге үлкен мүмкіндік беретін «Сыбаға» бағдарламасының шарапатын Аршын Жақыповта көрген.

Ең алғашқыда 15 млн. теңгеге 80 бас ірі қара мал алса, өткен жылы тағы да аталған бағдарлама арқылы 21 млн. теңге көлемінде несие алып, 60 бас жылқы сатып алу арқылы шаруашылықты кеңейте түскен.

Жалпы айтар болсақ, қазіргі таңда «Бригантина» шаруа қожалығында 165 бас сиыр мен 125 бас жылқы малы бар.

Қожалық иесі ауыл тұрғындарын жұмыспен де қамтып отыр. 2 адам тұрақты түрде еңбек етсе, 10-ы маусымдық еңбекке тартылған. Мұндағы жұмысшылардың айлығы 150 мың теңгеден басталады.

Табыс көзіне айналған малдың етін шаруа иесі Алматы мен Қонаев қаласындағы сауда нүктелеріне сатылымға шығарады.

Ісі өрге басқан Аршын Жақыпов, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекке дән риза. Ол мал шаруашылығын дамытуға бағытталған түрлі бағдарламалар тек қана бір тұлғаның емес, тұтас өңірдің өркендеп, өсуіне мүмкіндік береді деген ойда.

«Үкіметімізге ризашылығым шексіз. Өзім «Сыбаға» бағдарламасының игілігін екі рет көрген адаммын. 6 пайызбен берілетін несиенің ең бір жеңіл тұсы, алғашқы екі жылы демалыс ретінде қарастырылған. Ол аралықта аяқтан тұруға болады. Осы сынды бағдарламалар көбейе берсе екен. Шаруашылық арқылы отбасымды асырап отырмын», — дейді «Бригантина» шаруа қожалығының иесі Аршын Жақыпов.

Қожалық иесі алдағы уақытта ұсақ мал басын асырауды көздеп отыр, таяу болашақта 1 000 бас қой өсіруді қолға алмақ.

Тегтер: Алматы облысықожалықмал шаруашылығыСыбаға

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz