Бұл учаскеде 6 байқаушы отыр. Соның бірі — Нұрболат Шәкірғали. Ол «Baqyla» қоғамдық қозғалысының өкілі.
«Бір жарым сағат ішінде ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Барлығы заң көлемінде өтіп жатыр. Алғаш рет дауыс беріп жатқандар да, басқалар да еш оғаш қылық көрсеткен жоқ», — деді байқаушы.