Ол ең алдымен өңірге келудегі мақсаты жөнінде айтты.
«Алматы облысына келудегі басты мақсат – өңірде орын алған мәселелерді шешуде көмектесіп, ұсыныс-тілектерді тыңдау. Әділет министрлігінің негізгі бағыты – ұлттық заңнаманы қалыптастыру және дамыту», — деді министр Қанат Мусин.
Сондай-ақ ол Әділет органдарының халыққа заң қызметін көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізетінін атап өтті. Оның ішінде:
• зияткерлік меншікті қорғауды,
• атқарушылық іс жүргізуді,
• сот-сараптама қызметін,
• заңды тұлғаларды, мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді іске асыруға қатысады.
«Әділет министрлігі — Конституцияға енгізілген өзгерістердің жалғасы болған барлық конституциялық заңдардың негізгі әзірлеушісі», — деді министр.
Жиын барысында министр Президенттің өкілеттік мерзіміне және оның қысқаруына байланысты өзгерістер туралы сөз етті.
«Президенттің тек 7 жыл мерзімге бір рет сайлануы туралы норма Конституцияда және Президент туралы Конституциялық заңда бекітілгеннен кейін өз күшіне енді және Конституцияда айтылғандай өзгеріссіз қалды», — деді Қанат Мусин.