Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың соты кейінге қалды

Бүгін сағат 11:00 де Талдықорғандағы облыстық сотта Күдебаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтуі тиіс болған. Бірақ процесс кейінге шегерілді.

12.01.2023
Аймақ

«Адвокаттың ауа райының қолайсыздығына байланысты сот отырысын кейінге қалдыру туралы өтінішін ескере отырып процесс кейінге ауыстырылды», — деді Жетісу облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.

Алматы облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың үстінен екі қылмыстық іс қозғалған.

«Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі 1,3,4 тармақтары және 362-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалды. Бұл — азаптау және билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактілері»,- деді Нұрсұлтан Орынбасаров.

Сот өкілі Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4 бөлігі бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал 146-бабы 2-бөлігі (3-7 тармақтары) бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін соттау және үш жылға дейін қандай да лауазым атқару құқығынан айыру қарастырылғанын нақтылады.

Айта кетейік, 5 қаңтарда Талдықорғанда Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі басталды.

Еске салсақ, Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған болатын.

Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.

Тегтер: Алматы облысыСерік КүдебаевСот

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области состоялся диалог с молодежью о новой Конституции

Николай Иващенко
22.02.2026

Пять тысяч военнослужащих приняли участие в масштабной проверке Десантно-штурмовых войск

Николай Иващенко
22.02.2026

Подростка привлекли к ответственности за ложное сообщение о теракте в Костанае

Николай Иващенко
22.02.2026

Два рыбака застряли на отколовшейся льдине на Капчагае

Николай Иващенко
22.02.2026

Минторговли намерено увеличить экспорт готовой продукции Алматы и Алматинской области на 1,5 млрд долларов США к 2030 году

Николай Иващенко
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz