Аталған оқу ордасы мемлекеттік «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша бой көтермек.
«Бұл мектеп 900 орынға арнап салынып жатыр. Екі ауысымда 1800 баланы қамти алады. Оқу ошағы жобасының бір ерекшелігі — бастауыш сыныптарға бөлек спорт зал, жоғары сынып оқушыларына бөлек спорт зал қарастырылған. 2023 жылдың наурыз-сәуір айында құрылыс жұмыстары толық аяқталады деп жоспарлап отырмыз», — деді жоба жетекшісі.
Оның айтуынша, мектептің іргетасы 2021 жылдың мамыр айында қалана бастады. Кейіннен жобаға өзгерістер енгізген сәтте құрылыс 5 айға тоқтап, қайта жанданды. Мектептің бой көтеруіне 2,7 млрд теңге бөлінді.
«Мектептің 6 корпусы бар және аулаға 17 ойын алаңдары салынады. Оқу ордасының көлемі — 8000 шаршы метр. Қазіргі таңда 100 құрылысшы екі ауысымда жұмыс істеп жатыр. Қыста да құрылыс тоқтамайды. Жақында ғана ҚР Оқу-ағарту министрі іс-сапармен келіп, оң бағасын беріп кетті», — деді Айбек Оңалбаев.