Автокөліктің барлық түрлері үшін төмендегі тасжол учаскелері жабық:
1. «Алматы-Өскемен» тасжолының Байсерке ауылынан Қонаев қаласына дейінгі аралығы;
2. «Алматы-Шелек-Қорғас» тасжолының Арман ауылынан Байсейіт ауылына дейінгі аралығы;
3. «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының Айша-бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралығы;
4. «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының Жамбыл облысынан Машат ауылына дейінгі аралығы;
5. «Алматы-Өскемен» тасжолының Первомайка ауылынан Өтеген-Батыр ауылына дейінгі аралығы;
6. «Қордай асуының айналма жолы».
«Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады. Республикалық автожолдар желісінде 515 арнайы техника мен 980 маман жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарламада.