Іле ауданы бойынша 2000-нан астам адам жұмыссыздар қатарына тіркелген. Олардың басты мақсаты тұрақты жұмысқа орналасу. Жәрмеңкеге ауданның 350-ден астам жұмыссыз азаматтары қатысты.
Оның ішінде жастар, мүгедектігі бар жұмыссыз азаматтар, пробация бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтар, бас бостандығынан айырылу орнынан босатылғандар, алиментке берешегі бар жұмыссыз азаматтар және т.б. санаттағы азаматтар бар. Жәрмеңкеге ауданның 70 жұмыс берушілері 718 бос жұмыс орындарын ұсынды, оның ішінде 30 мекеме жәрмеңкеге тікелей қатысып үлесін қосты.
Жұмыс берушілердің ішінде денсаулық сақтау, білім беру мекемелері: «Ремстройтехника» ЖШС, «Шин Лайн» ЖШС, «Райымбек Агро» ЖШС, «Pure Pak» ЖШС, «Qazaq Glass Company» ЖШС, «Galans Botlers» ЖШС, «Медиатекс -Н» ЖШС, «Green Service» ЖШС, «РСУ -1» ЖШС, «Пивзавод №1» ЖШС, ЖК «Караой», «Paknar» ЖШС, «Первомайские деликатесы» ЖШС, «Берикап Казахстан» ЖШС , «Волковгеология» ЖШС және т.б. жұмыс берушілер жәрмеңкеге жұмыс іздеп келген азаматтармен тікелей сөйлесіп, жұмысқа қабылдауға мүмкіндік алды.
Жәрмеңке қорытындысы бойынша 85 адам жұмысқа орналасуға жолдама алды, олардың басым бөлігі — жастар. Тұрақты жұмысқа — 78 адам, «Бастау бизнес» жобасымен оқуға — 4 адам сұраныс беріп, жұмыссыздыққа тіркелді, 3 адам жастар практикасына жолдама алды.