Отырысқа Алматы облысының Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы мен мүшелері, басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Арсен Абзалұлы Жақыпов модераторлық етті.
«Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші кеңесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасымен құрылды.
Кеңеске азаматтық ұстанымын берік ұстанған, үлкен өмірлік және кәсіби тәжірибесі бар, адамгершілік-патриоттық тәрбие беру саласында бірегей ресурсы бар мемлекеттік қызмет ардагерлері төрағалық етіп, немесе мүше бола алады.
Тәлімгерлер кеңесінің міндеттері – мемлекеттік басқарудың сабақтастығы және институционалдық жадты көшіру, лауазымға тағайындалған басшылардың кәсіби дағдыларын дамытуға және бейімдеуге жәрдемдесу, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілерге рухани-адамгершілік бағдарларды және құндылықтардың тұрақты жүйесін қалыптастыру.
Қазіргі буын басшылары мен мемлекеттік қызмет ардагерлерінің үйлесімді жұмысы сабақтастықты дамытуға және жұмыстың тиімді әдістерін сақтауға септігін тигізеді деп күтеміз.