«Өткен жылмен салыстырғанда Алматы облысында адам өлімі едәуір азайды. Атап айтсақ, 2021 жылы 47 адам суға кетсе, биыл жыл басынан бері 25 тұрғын суға кетті. 2022 жылдың шомылу маусымында 18 адам өлімі тіркелді, оның ішінде алтауы – балалар», — деді Дидар Асқарбекұлы.
Аға офицердің айтуынша, облысқа қарасты аудандарда коммуналдық және жеке жағажайлардың болмауы әсерінен рұқсатсыз жерде демалушылар саны артты.
«Қапшағай су қоймасы төңірегінде жаппай демалуға арналған 7 орын бар екенін атап өткен жөн. Шомылу маусымына дайындық кезінде арнайы жоспар әзірленіп, бекітілді. Осы жоспар шеңберінде ТЖД мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су айдындарының жағалау сызығын зерттеу жұмыстарын жүргізді», — деді аға офицер.
ТЖД маманының ақпаратына сүйенсек, мониторинг қорытындысы бойынша облыс аумағында шомылуға тыйым салынған 87 қауіпті аймақ анықталды. Аталған аумақтарға жалпы саны 130 қауіпсіздік белгісі орнатылды. Бұдан бөлек, 38 жағажайдағы судың асты (түбі) зерттелді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram