Аталған қаржы облыстық білім саласының 2 жылдық бюджетін құрайды. Тарқатып айтсақ:
— мұғалімдердің жалақысын және іс-сапар шығындарын төлеуге – 2,7 млрд теңге;
— облыстың білім беру мекемелерінің коммуналдық қызметтеріне ақы төлеуге – 440,3 млн.теңге;
— ыстық тамақ алушылар санының 4 421 балаға және киім-кешек алушылар санының 5 122 балаға өсуіне байланысты қосымша қаржы көлемі – 371,1 млн теңге;
— оқушыларды тегін тасымалдау үшін – 181,5 млн теңге;
— Еңбекшіқазақ ауданындағы Ащыбұлақ ауылы Бубенцова орта мектебін (ОМ), Жанашар ауылындағы Т. Рысқұлов ОМ, Есік қаласындағы Сәтпаев ОМ күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжат әзірлеу үшін – 70,9 млн теңге;
— оқулықтарды сатып алуға және жеткізуге – 13,1 млн теңге;
— робототехника бойынша үйірмелер ашуға – 3,6 млн теңге;
— басқа шығындарға – 13,8 млн.теңге (жетім баланы асырап-бағуға қамқоршыларға ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері – 12,8 млн.тенге, жетім баланы (балаларды) асырап алушыларға біржолғы ақшалай төлемдер – 1 млн.тенге).
Бұған дейін білім саласындағы мәселелерді шешу үшін 2 млрд теңге бөлінгенін жазғанбыз.