«Жаңа жыл — әрбір бала асыға күтетін мереке. Облыс басшысы осынау мерекеде балаларды қуанту үшін арнайы сый-сияпатын жіберді. Мұндағы балалар сабағын жақсы оқып, түрлі байқауларда топ жарып жүр. Әрі мемлекеттік тілде еркін сөйлейді. Балалардың қоғамға бейім болып өсуі үшін ұстаздар мен тәрбиешілер барын салып, еңбек етіп жатыр», — деді Салтанат Беспаева.
Балаларға түрлі тәттілер мен ойыншықтар, теннис үстелі сыйға берілді.
7-сыныпта оқитын Ақбота Рустамбекова өзінің жүрекжарды қуанышымен бөлісті.
«Бүгінгі сыйлықтар қатты ұнады. Сол үшін алғыс айтамын. Шырша мерекесінде би билеп, өнерімді көрсеттім. Одан бөлек сурет саламын, домбыра аспабында ойнаймын. Ал арманым — дәрігер болу», — деді Ақбота.
Ал қазақ тіліне өте жатық 4-сынып оқушысы Михаил Вилкин мерекенің қызықты өткенін айтады. Ол математика мен компьютерлік бағдарламаларға қызығатынын жеткізді.
«Ағай, апайларға рахмет. Өте қуаныштымыз! Жаңа жыл баршаңызға бақыт әкелсін», — деді ол.
Айта кетейік, балалар үйінде 83 бала тәрбиеленіп жатыр.