Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен облыс қонақтарынан сабыр сақтауларын сұрайды. Жаттығу оқу мақсатында өткізіледі.
«Сеймикалық жаттығулар кезінде ғимараттардағы суды, газды, электр қуатын өшіріңіз. Дабыл чемоданыңызды алып, сыртқа шығыңыз. Сыртта қауіпсіз орында, атап айтқанда электр желілерінен, тіректерден, ағаштардан және ғимараттардан алыс қашықтықтағы ашық аумаққа орналасыңыз.
Білім беру мекемелерінің басшылары! Оқушыларды (балаларды) ғимараттан эвакуациялау жоспарын нақтылаңыз және балаларды іргелес қауіпсіз аймаққа орналастыру орындарын алдын ала анықтаңыз. Балалар мен студенттерді осы қауіпсіз орынға эвакуациялаңыз», — делінген Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, жалпы облыстық сейсмикалық жаттығуды өткізудің мақсаты халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын тексеру болып саналады.