«Алименттерді өндіру – бұл бір реттік өндіріс емес екендігін атап өткен жөн. Бұл процесс бала кәмелетке толғанға дейін жылдар бойы созылады. Бұл жерде кейде өз шешімін таппайтын проблемалар бар», — деді министр.
Оның айтуынша, жекелеген борышкерлер, нақты материалдық мүмкіндіктері бола тұра өздерінің балаларын асыраудан әдейі жалтаратын не өзінің мүлкін жасыратын жағдайлар да бар.
«Жыл басынан бері Алматы облысында алименттік төлемдер бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 134 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ішкі істер органдарына қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін 28 ұсыныс жіберілді», — деді Қанат Мусин.
Министрдің мәліметінше, облыс аумағында тұратын 500-ден астам борышкердің шетелге шығуына тыйым салынды. Және өңірлік департамент мамандары облыстық әкімдікпен бірлесе отырып, 45 борышкерді жұмысқа орналастырды.