«Туризмдегі негізгі капиталға салынған инвестицияның 25 пайыз үлесі Алматы облысына тиесілі. Республикалық көрсеткіштен 10%-ы тікелей осы өңірдің үлесі», — деді Ержан Еркінбаев.
Биыл туризм саласы бойынша облыста 1,1 млрд теңгеге 4 нысан пайдалануға берілді.
«Алматы облысының туризм индустриясының әлеуеті зор. Тау шаңғысы курорттарын қоса алғанда, 12 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Тау шаңғысы курорттарының өкілдерімен талқылап жүрген мәселелерді шешуге бәріміз ден қойсақ, Алматы облысы әлемдегі ең ірі шаңғы орталығына айналуы мүмкін. Алматының барлық курорттарын шаңғы тебуге арналған беткейлермен, аспалы жолдармен байланыстыруға болады. Және бұл процесс Алматы облысының туы астында жүруі керек деп есептеймін», — деп түйіндеді сөзін вице-министр.