«Дарынды балаларды қолдау және терең білім алуына жағдай жасау мәселесіне облыста ерекше көңіл бөлініп отыр. 2022 жылы халықаралық, республикалық деңгейде өткен байқауларға 517 оқушы қатысып, оның 81-і жүлделі орындарға ие болды. Балалар жылы аясында «Mi batlle» зияткерлік ойын Кубогы, «Бақытты бала – бақытты ел» тақырыбында пікірталас турнирі ұйымдастырылды», — деді Лаззат Тұрлашов.
Жалпы 2021-2022 оқу жылында республикалық, облыстық олимпиадалар мен конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге жергілікті бюджеттен 76 млн 986 мың теңге бөлінді.
Облыстағы дарынды балаларға арналған 6 мамандандырылған білім беру мекемесінде 3779 бала ғылым негіздерінен тереңдетілген білім алады.