Сессияда бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораз алдын ала болжамды сапалы орындау үшін түсімдерге байланысты жоспарды азайту қажет екенін айтты.
Оның айтуынша, жалпы сомасы 8,4 млрд. теңгені құрайтын кіріс болжамының орындалмау қаупі бар. Сондықтан келесідей көлемдегі қаржы түсімін азайту керек:
— Іле ауданы бойынша темекі өніміне акциз — 6,6 млрд. тг (экспорттың 2 есе өсуіне байланысты);
— заңды тұлғалардың мүлік салығы — 3 млрд. теңгеге (Қонаев қаласы);
— азаматтарға пәтер сатудан — 4 млрд. теңгеге. Оның ішінде, Қарасай ауданы — 3,3 млрд. тг, Талғар ауданы — 452,1 млн. теңге, Қонаев қаласы — 169,1 млн. теңге.