Қабылдауға Қонаев қаласының тұрғындары қатысты. Облыс тұрғындары әлеуметтік көмек, жұмыссыздық мәселелерін көтерді және қала тұрғыны көршісінің атынан оның әлеуметтік жағдайын жеткізді. Жалғызбасты 6 баланың анасы жұмысы басқа қалада болғандықтан, ұзақ уақыт балаларының жанында бола алмайтындығын, азық-түлік, көрпе-жастықпен көмектесуін өтінді.
Сондай-ақ, тағы бір мүмкіндігі шектеулі баланың анасы қызына дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуін өтініп, көмек сұрады. Ол дәрілер Қазақстанда жоқ болғандықтан, шетелден алдыру қиындық туғызуда. Алдағы уақытта қолдан келгенше көмек болатындығы айтылды.
Қабылдауға жазылған облыс тұрғындары өтініштерін мұқият тыңдап, заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Және жақын арада көмек қолын созатындығы жайлы айтылды.