«Бизнеске жол» жобасын іске асырғалы Алматы облысында кәсіпкерлермен 30-дан астам кездесу өтті. Олардың 48 өтініші мен шағымдары қаралды.
«Сонымен қатар жоба аясында 33 проблемалық мәселе талқыланған, осы тұрғыда 20-ға жуық мәселенің түйіні шешіліп, 2315 кәсіпкердің заңды құқықтары қорғалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеудің басты шарты — бизнестің адалдығы», — деді Серік Орымбетов.
Қазіргі таңда департаменттің араласуымен әлеуметтік маңызды салалардың (ТКШ, денсаулық сақтау, білім беру және т.б.) мәселелері, сондай-ақ тұрмыстық бағыттағы проблемалар қамтылып жатыр.
Айта кетейік, Антикордың Call-орталық нөмірі – 1424.