Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, күдіктілер Алматы қаласы метрополитенінің жаңа желісін салу кезінде басқару функциясына ие болған.
Дәл осы өкілеттіктер оларға қылмыс жасауға және 5 млрд теңге ұрлауға мүмкіндік берген.
Олар жалған баға ұсыныстарын жинақтап, олардың негізінде құны 10 есе жоғары болатын жабдықтарды сатып алуға смета жасады.
Кейіннен жымқырылған қаражатты «жалған кәсіпорындар» арқылы қолма-қол ақшаға айналдырды.
Жымқырған ақшаны қайтару үшін үш қымбат пәтер, Алматы қаласындағы бір кеңсе, Алматы облысындағы жер учаскесі, люкс автокөліктері, брендтік сағаттар және күдіктілердің басқа да бірқатар активтері бұғатталды.
Қылмыстық іс ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы және 216-бабының 3-бөлігі бойынша қозғалған болатын.
Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды.