Алматы қалалық көлік холдингінің ақпаратына сүйенсек, қала маңына жүретін автобус өз бағытын Төле би – Яссауи көшесіндегі «Автокөлік бекеті» аялдамасынан бастап, Төле би көшесімен, одан кейін Сайын көшесі арқылы Райымбек даңғылына түседі. Осылайша «Алматы – Бішкек» тас жолымен Жамбыл ауданына қарасты Мыңбаев ауылына дейін барады. Қайтар жолының бағыттары аталған елдімекеннен бастап Алматы қаласына дейін белгіленген.
Қазіргі уақытта желіде 4 автобус жүреді. Жүру аралықтары – 59 минут. Жол ақысы «Оңай» төлем жүйесі арқылы төленеді. Белгілі санаттарға жеңілдік қарастырылған.
Айта кетейік, №247 бағыттағы автобустың ашылғаны «Алматы – Бішкек» тас жолының маңына жақын орналасқан бірнеше ауылдық округтің жолаушылары үшін қолайлы болмақ.