Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі таратқан ақпаратқа сәйкес, 30 мамыр күні Алматы уақытымен сағат 23.45-те жер сілкінген.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 598 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 10.8
MPV магнитудасы – 4,9.
Тереңдігі – 10 км.
MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ.