«Қытай тарапынан транзиттік және импорттық жүктердің үлкен ағынын ескере отырып, біз Алматы торабы өз деңгейінде жұмыс істеп жатқанын көріп отырмыз. Біз қазіргі таңда ұзындығы 73 шақырым айналма темір жол құрылысын салу туралы бастама көтердік. Ол Қазақстан-Түрікменстан-Иран (КТИ) бағыты бойынша Орта Азияға Түркіменстан мен Иранға апаратын транзиттік жүктердің өткізу қабілетін арттырады», — деді «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары Ерлан Қойшыбаев Алматыда өткен көлік-логистика әлеуетін дамыту жөніндегі бизнес-конференцияда.
Оның айтуынша, Алматыдағы айналма теміржолы бойында ірі жаңа сауда хабын салу жоспарлануда.
«Өршіл жобалардың бірі ретінде Алматының айналма теміржолы бойында ірі сауда хабын салу болып табылады. Біз бұл жоба аясында бонд қоймалары, суық тізбектер (тоңазытқыш тізбегі) салынады деп отырмыз, жүк әуежайы, авто, теміржол және құрғақ порттың құрылысы да қарастырылуда. Біз егжей-тегжейлі әзірленген соң техникалық-экономикалық негіздеме мен бизнес-жоспарын көрсететін боламыз. Қазір алдын ала жұмыс істеп жатырмыз және инвесторларды бұл жобаға қатысуға шақырамыз», — деді Еран Қойшыбаев.
ҚТЖ өкілдерінің айтуынша, жоба табысты іске асқан жағдайда Алматы хабы Таяу Шығыс, Кавказ және Орталық Азия нарығына шығу үшін пайдаланылуы мүмкін.