«Эпиорталығы Алматыдан шығысқа қарай 43 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.2. MPV магнитудасы – 3.8. Эпиорталық координаттары – 43.28° с.е. және 77.43° ш.б. Тереңдігі — 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу болмады», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, бүгін жергілікті уақытпен сағат 7:40-та тағы бір жер сілкінісі тіркелген. Оның эпиорталығы Алматыдан шығысқа қарай 325 км қашықтықта, Қазақстан мен Қытай шекарасында болды. Энергетикалық санаты – 9.0. MPV магнитудасы – 4.0. Эпиорталық координаттары – 43.44° с.е. және 80.90° ш.б. Тереңдігі — 15 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу болмаған.