Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің статистикалық деректеріне сүйенсек, аймақ бойынша ұрлық ең көп ұрлық дерегі Алматы қаласында тіркелген.
Атап айтқанда:
- Алматы қаласы – 7154;
- Астана қаласы – 3541;
- Алматы облысы – 2197;
- Қарағанды облысы – 2114;
- Қостанай облысы – 1519;
- Ақтөбе облысы – 1413;
- Шымкент қаласы – 1447.
Ұялы телефондар ұрлығы 11,3%-ға төмендеді. Еліміз бойынша барлығы 7967 (8984) аталған қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген.
Олардың басым бөлігі мына өңірлерде тіркелген:
- Алматы қаласы – 2287;
- Астана қаласы – 844;
- Алматы облысы – 576;
- Қарағанды облысы – 527;
- Ақтөбе облысы – 424;
- Абай облысы – 431;
- Шымкент қаласы – 467.
Автокөлік ұрлығы бойынша да төмендеу байқалады, барлығы 197 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, бұл өткен жыл кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға аз.
Пәтер ұрлығы бойынша да қылмыстың 3303-тен 2707-ге немесе 18%-ға төмендеу динамикасы байқалады.
Мал ұрлығы фактісі бойынша 960 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, төмендеу 17,7%-ды құрайды.
Мал ұрлығы фактілерінің көпшілігі мына өңірлерде тіркелген:
- Алматы облысы – 172;
- Батыс Қазақстан облысы– 124;
- Түркістан облысы – 124;
- Жетісу облысы – 93;
- Жамбыл облысы – 68;
- Абай – 66.