Борышкерлер алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін елемей, өз балаларына қатысты қалауының болмауы немесе немқұрайлылық салдарынан букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған.
Мысалы, бір ғана жағдайды алып қарасақ, алимент бойынша бір миллион теңгеден астам қарызы бар борышкер өзінің шотын 24 миллион теңгеден астам сомаға толықтырды.
Прокуратура қабылдаған шаралар нәтижесінде, қазіргі уақытта 31 лудоман алимент бойынша 38 миллион теңгеден аса қарыздарын өтеді.
6 борышкерге алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары қабылданып жатыр.
Қалған борышкерлермен жұмыс жалғасуда.
БОРЫШКЕР НАЗАРЫНА!
Алимент төлеу жөніндегі міндеттер орындалмаса, әкімшілік (ӘҚБтК 669-бабы) және қылмыстық (ҚК 139-бабы) жауапкершілікке тарту көзделген.