Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, 17-19 қазан күндері Қазақстанда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі.
17 қазанда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар аралас қатты жауын жауады, ал батыс өңірлерде жаңбыр жауады. 18 қазанда елдің кей жерлерінде қатты жаңбыр мен найзағай күтілуде.
Солтүстік облыстарда суық антициклонның ықпалы күшейеді: жауын-шашынсыз ауа райы мен төмен температура болады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі, ал таулы жерлерде көктайғақ болуы ықтимал.