Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай мен екпінді жел болады.
«Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батысы антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы әлі де сақталады. Түнде және таңертең Қазақстанның солтүстік жартысында, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түседі», — делінген метеорологтар хабарламасында.
Еліміздің шығысында 28-29 қыркүйекте түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік сақталады, температуралық фонда елеулі өзгерістер болмайды.
Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы күндіз 17-23 жылы, таулы аудандарда 8-13 жылы болып, біртіндеп төмендейді.