Ақорда мәліметінше, бұл жоба агроөнеркәсіп саласындағы шикізатты терең өңдеуді дамытуға және қосылған құны жоғары өнім өндіруді арттыруға бағытталған. Инвестициялық келісім ел экономикасын әртараптандыруға және өңдеу өнеркәсібінің әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы бұл келісімді Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі ретінде бағалады.
«Бұл уағдаластық маңызды стратегиялық серіктестіктің бастауы саналады және Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін көрсетеді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кездесу барысында Mars компаниясының өкілі Пол Вайраух өзара тиімді инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді. Оның айтуынша, жаңа бастама компанияның өндірістік қуатын кеңейтіп қана қоймай, Орталық Азия және көршілес нарықтарға өнім жеткізу көлемін арттыруға жол ашады.





