Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы мен оның орынбасарына және басқарманың агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау бөлімінің басшысына, Кеген ауданы әкімінің орынбасары мен Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы мен оның орынбасарына қатысты тәртіптік істер қаралды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Мәселен, Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы мен оның орынбасарының және Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғаларының іс әрекеттерінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсету түріндегі мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық белгілерінің болмауына байланысты оларға қатысты тәртіптік істер тоқтатылып, алайда өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Алматы облысының әкіміне олардың тәртіптік жауапкершіліктері туралы мәселелерін қарау ұсынылды.
Кеген ауданы әкімін орынбасарына қатысты тәртіптік іс жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсету түріндегі мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық белгілерінің болмауына байланысты тоқтатылды.
Кеңес соңында Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және Қарасай ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызмет нәтижелері, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесінің есебі тыңдалып, кеңес мүшелері тарапынан тиісті ұсынымдар берілді.