«Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Абай облысының аумағындағы ірі орман өртінің салдарынан жел бағытының өзгеруі нәтижесінде Жетісу облысының бірнеше аудандарының аумағы қалың түтінмен жабылды. Осыған байланысты сабырлы болуларыңызды және маска киюлеріңізді сұраймыз», — деп жазылған хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаменті тыныс алу органдарының ауруы бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге сапарында Семейдегі орман өртінен қаза тапқан азаматтардың құрметіне 12 маусымды елімізде қаралы күн деп жариялады.