Алматы облысында энергетика саласының қызметкерлері жалпыұлттық референдумда жоғары белсенділік көрсетті, деп хабарлайды alataunews.kz.
Өңірдегі 117 энергетикалық кәсіпорында қызмет ететін 4 мыңнан астам жұмысшы ел үшін маңызды мәселелер бойынша өз дауысын берді.
Референдум Қазақстанда Атом электр станциясының құрылысын қолдау немесе оған қарсы болу мәселесін шешуде маңызды рөл атқарды. Алматы облысының энергетиктері елдің энергетикалық болашағына қатысты өз пікірлерін білдіріп, жауапкершілікпен қатысты.
Энергетика саласы өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізін құрағандықтан, бұл сала қызметкерлерінің азаматтық белсенділігі айрықша маңызға ие болды.