Кеше сағат 17:30-дан бастап Абай облысының Көкпекті ауданында 1985 және 1990 жылы туған екі шопанды ҚМ-нің МИ-17 тікұшағының көмегімен іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.
Шопандардың айтуынша, олар малды айдауға шыққан, бірақ Көкпекті өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қыстаққа өз бетінше орала алмаған.
Құтқарушылар 39 жастағы ер адамды «Тассай-Көкпекті» тасжолының көпірінен тапты, оны қайықтың көмегімен жағаға жеткізді. 33 жастағы екінші адам таңертең Көкпекті өзенінің маңындағы аралдан табылды. Ол Ми-17 тікұшағының көмегімен жағаға жеткізілді.
Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған.