Локомотив депосының бастығы мен машинист-теплотехник жанармайдың артық шығынын жайсыз ауа райы жағдайларына сілтеп, болмаған дауыл мен желді болды деп есеп беріп келген.
Бұл схеманы олар алдын-ала ойлап тауып, жүйелі түрде қолданған. Нәтижесінде жергілікті қаржылық мониторинг бөлімі 3 000 тоннадан астам дизель отыны жоғалғанын анықтап, екі теміржолшыға қатысты іс қозғалды
Сот нәтижесінде депо басшысы Смағұлов 8 жылға, машинист Мейрамғазин 7 жылға бас бостандығынан айырылды, екеуі де материалдық-жауапты қызмет атқару құқығынан айырылды. Жоғарыда аталған залал сотталғандардан өндіріледі.