Тұрғындар әлеуметтік желіде видеоларын жариялады. Үш күннің ішінде жауған қар қалындығы таулы аймақтарда бір метрден асса, жазық жерлерде 50-60 см дейін. Қалың қардан ағаштар сынып, электр желілері үзілген.
«Қазіргі таңда 35 елді мекенде 87 арнайы техника жұмылдырылып, қар тазалау жұмыстары атқарылып жатыр. Үржар ауылының өзінде 118 көшенің 70 пайызы тазаланды. бұл жұмыс әлі де жалғасын табады. Жетінші наурызда 5 елді мекенде электр қуаты сөнді. Бірақ қазір қайта іске қосылды. Барлық жағдай менің тікелей бақылауымда»,—деді аудан әкімі Ақылбек Бәшімбаев.
Айта кетейік, құтқарушылар өткен тәуілікте жолда қалған 318 адамды эвакуациялаған болатын.