Синоптиктердің болжамы бойынша одан кейінгі күндері 25 градусқа дейінгі қатты аяз болады.
Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс жасап жатыр, өндірістік базаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
«Көктайғақ болуына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арқашықтықты ұлғайтуға кеңес береміз. Ал жаяу жүргіншілерді тротуарлармен жүргенде абай болуларын сұраймыз. Жұмысқа кешігудің алдын алу үшін үйіңізден ертерек әрі жылы киініп шығуға кеңес беріледі», — деп хабарлайды ведомство.