«Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жаңбыр жауады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Ал Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік антициклон кіруімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ел бойынша желдің күшеюі, солтүстігінде – тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі», — деп жазды синоптиктер.
Түнде Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының солтүстігінде -1-7 градус үсік, Қарағанды, Ұлытау облыстарында топырақ бетінде -1-3 градусқа дейін үсік күтіледі.